Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция шаралары жүргізілуде
Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция шаралары жүргізілуде
фото: ашық дереккөз
Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда - саябақтар мен жағалауда, базарлар мен сауда орталықтарында ауқымды дезинфекция шаралары жүріп жатыр. Оған қалалық дезинфекция қызметімен бірге, әскерилер де атсалысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап. «Қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Палиеваның қаулысымен сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларда және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі тиіс», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі Instagram парақшасында. Айта кетейік, 20-21 маусым күндері елорда мен бірқатар өңірлерде карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі.