Мүмкіндігі мол мобильді қосымша
Мүмкіндігі мол мобильді қосымша
203
оқылды

Мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арнап SOS мобильді қосымшасын құрастырған. Мақсат – жаңа техникаларды қолдануды жеңілдету. Смарт­фонның мүмкіндіктерін то­лықтай пайдалануға жағдай жасау. Зағип жандар жаңа мо­бильді қосымша арқылы көп­­теген цифрлы қызметті үйден шықпай-ақ пайдалана алады. Саңырау адамдар қажетті ақ­параттарды қиналмай-ақ ала алады. ІТ технологиялар бай­қауын аймақтарда өткізудегі мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың проблемасын бірлесіп шешу. Күнделікті өмірде жиі кездесетін ке­дергілер мен қоғамдық оры­н­дардағы қолай­сыздықтарды жою. SOS мобильді қосым­шасының ерекшелігі – бір нүктемен бір мезетте бірнеше қызметті қатар атқарады. Зағип­тар шұғыл көмек керек болған жағдайда бір нүктені бір-ақ рет басып, шұ­ғыл көмек сұрай алады. Мобильді қо­сымшаны жүктеу кезінде жеке мәліметтер бір-ақ рет енгізіледі. Ор­талық мәлі­меттер базасында сақталады. Шұғыл көмек керек болғанда, аяқасты ауырып қалған жағ­дайда тез арада кө­мек көрсетуге, науқас жайында мәліметті білуге мүмкіндік береді. GPS модуль арқылы мекенжайды лезде тауып алады