Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барлық санитарлық талаптар сақталады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі. «ҰБТ барлық санитарлық нормаларға сай өткізіледі. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі», - деп хабарланды министрліктің facebook парақшасында. Жарияланыммен бірге ҰБТ тапсыратын талапкерге нұсқаулық видеосы да әзірленген. Айта кетейік, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады. Біраудиторияда орта есеппен 18 адам болады. Аудитория тек 35% дейін толтырылады. Тұтас ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады.