Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Фоторепортаж

Мерекеңізбен, біздің сүйікті дәрігер!

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні.

Назгүл Ержанқызы
Маусым 21, 2020
Фоторепортаж, Жаңалықтар
дәрігер

©Сурет интернетттен алынды

224
қаралым

Еселі еңбегімен еленетін бұл мерекені 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен еді. Бұл күн – еліміздің барлық дәрігерлердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні. Сол үшін де еліміздегі дәрігерлердің ерен еңбегін ескеріп, ризашылығымызды көрсеткіміз келді.

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Қай ұлттың дәрігері болмасын, оның басты мақсаты – адам өмірін сақтап қалу. Біреудің жанына араша түсіп, өлім мен өмір арасындағы жанталасты жүргізетін – ақ халатты жандар. Олар бізге қолынан келмейтіні жоқ сиқыршы сияқты. Үзілген үмітті қайта жалғап, дер кезінде көңілді орнына түсіруді де біледі.

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды.

Бүгінде елімізде 70 мың дәрігер мен 140 мың кіші медицина қызметкері бар. Ал оның ішінде медицина саласы қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланып жүр ме? Тиісінше, бағаланбауы да мүмкін…

Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Дәрігер-диетолог кімдерге бал жеуге болмайтынын айтты

Депутаттық корпус 76,9 пайызға жаңарды

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Бүгінде сіз бен біз үйде отырып, әліптің артын баққанда олар індет-майданында жүр. Елімізде 1 904 медицина қызметкері вирус жұқтырған. Соның ішінде 30%-ы жұмыс барысында індетке іліккен.

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Бірақ олардың қай-қайсынан болсын ісіне деген адалдықты, талпынысты, қажымас қайраттылықты көрсетуде. Пандемия кезінде олар «Біз сіз үшін жұмыста жүрміз. Сіз біз үшін үйде қалыңыз» деген ұранмен елді бұл індетпен бірігіп куресуге шақырды. Олар күресіп те жатыр. Айығып шыққандары қаншама!

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Мәселен, елорданың тұрғыны, қарттар үйінде тұратын 93 жастағы апамыз коронавирустан айығып шыққанның бірі. Қария №3 қалалық көпбейімді балалар ауруханасына түскен болатын.

дәрігер
Сурет интернеттен алынды

«Барлық жағдай жасалды, өте ыңғайлы болды. Дәрігерлер жағдайымды күніге тексеріп, менің температурам мен дене қысымымды өлшеп тұрды. Елімізде осындай дәрігерлер мен медбикелер бар екеніне өте қуанамын» деген апамыз медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Осындай азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен табылады. Ал ол жақта қызмет етіп жүрген дәрігерлер қаншама?! Қарағанды облысы бойынша 18 мыңнан астам дәрігер бар. Оның 3 жарым мыңнан астам ақ халатты жандар эпидемиологиялық шараларға белсене қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетуде. Облыстық клиникалық емханасы жылына шамамен он сегіз мың адамға көмек көрсетеді.

дәрігер
©сурет интернеттен атлынды

Емханаға ем іздеп келген Виталий Галодезныйдың қан тамыры бітеліп қалған. Қатты қиналған ол, білікті мамандардың нұсқауымен Франс Галитскиге келіп, ота жасатқан. «Менің аяғымдағы тамыр жолдары бітеліп қалды. Тіпті жүруден қалдым. Сосын дәрігерге бардым. Олар ауруымды анықтап, сол тамырыма ота жасады. Бәрі сәтті болды. Өте білікті маман. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын» дейді пациент Виталий Галодезный.

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Осыдан екі жыл бұрын 15 жастағы ақтаулық жасөспірім Екатерина Исмагиловаға Маңғыстауда ота жасалған. «Сол кезде отаны аурухананың білікті дәрігерлері, оториноларингология бөлімінің меңгерушісі Қазбек Шүкуров, анестезиология мен жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келеманов, медбике Әсел Килдалиева жасаған еді. Солардың арқасында қызым өмірге қайта келді. Сіздерге мың алғыс!» дейді Екатеринаның анасы.

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде медициналық ұйымдарда барлығы 8600 ақ халаттылар жұмыс істейді.

Мерекеңізбен, біздің сүйікті дәрігер!
©Сурет интернеттен алынды

Дәрігерлер саны 1900 болса, оның 400-ге жуығы жекеменшік мекемелерде қызмет етеді. Ал медбикелер саны 5700, кіші медицина персоналдың саны – 1342. Сол секілді Атырау облысында бүгінде он мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның 2 мыңы дәрігер болса, орта деңгейдегі қызметкерлер. Былтырдың өзінде дәрігерлер 130 мыңға жауық адамның өмірін сақтап қалған.

дәрігер
©Сурет интернеттен алынды

Жанымыз көзімізге көрінгенде ғана денсаулық пен дәрігердің қадіріне жететін жаман әдетіміз бар. Десе де, қоғамда болып жатқан жағдай олар-дың қызметіне күмәнсіз адал екенін көрсетті. Күнде сан түрлі қиындықпен бетпе-бет келе ақ халатты жандарды күн сайын мадақтаудан шаршамауымыз керек. Сондықтан төл мерекеңіз құтты болсын, құрметті дәрігер!

 
Тегтер: Виталий ГалодезныйденсаулықҚазбек ШүкуровМаңғыстаумедбикемерекеұоғам
Алдыңғы жаңалық

Жастарға үй алу үшін тұрақты тіркеудің қажеті жоқ

Келесі жаңалық

АҚШ-та наразылық шерулерінен кейін балмұздақ атауы өзгертілді

Ұқсас жаңалықтар

ауыл
Жаңалықтар

Қостанай облысындағы ауыл мектебінде 4 бала ғана оқиды

Қаңтар 20, 2021
Допинг дауына іліккен Ниджат Рахимов мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Допинг дауына іліккен Ниджат Рахимов мәлімдеме жасады

Қаңтар 20, 2021
ескерту
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Қаңтар 20, 2021
Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды
Жаңалықтар

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Қаңтар 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысындағы ауыл мектебінде 4 бала ғана оқиды

Қаңтар 20, 19:18

Допинг дауына іліккен Ниджат Рахимов мәлімдеме жасады

Қаңтар 20, 18:58

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Қаңтар 20, 18:46

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Қаңтар 20, 18:27

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Қаңтар 20, 17:54

Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Қаңтар 20, 17:36

Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

Қаңтар 20, 17:21
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ауыл

Қостанай облысындағы ауыл мектебінде 4 бала ғана оқиды

Қаңтар 20, 2021
Допинг дауына іліккен Ниджат Рахимов мәлімдеме жасады

Допинг дауына іліккен Ниджат Рахимов мәлімдеме жасады

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»