Жастарға үй алу үшін тұрақты тіркеудің қажеті жоқ

Жастарға үй алу үшін тұрақты тіркеудің қажеті жоқ

«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберіндегі өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау 2020 жылғы 22 маусымнан бастап 6 шілде аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар, алдыңғы қабылдауда Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болмауына байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қарастырылады. Шарттар мен барлық қажетті құжаттарды almaty-zhastary.kz сайтынан білуге болады.