Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты: Еуропалық іріктеудің ережесі бекітілді
Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты: Еуропалық іріктеудің ережесі бекітілді
фото: ашық дереккөз
415
оқылды
Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты еуропалық іріктеу кезеңін өткізу жоспары белгілі болды, - деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы. Жарыс ережесіне сәйкес, құрамалар он топқа бөлінеді. Олардың бесеуінде алты құрамадан болады. Қалғанында бес құрама бақ сынайды. Іріктеу кезеңінде олардың әрбірі өзінде және сырт алаңда қарсыласымен кездеседі. Топ жеңімпаздары Әлем чемпионатының финалына тікелей жолдама алады. Екінші орын иегерлері және Ұлттар лигасында озық шыққан екі құрама өтпелі кезең ойындарында өнер көрсетеді. Үш жеңімпаз дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Естеріңізге сала кетелік, Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсанында Катар мемлекетінде өткізіледі. Жарыстың бұл сатысында барлығы 32 құрама бақ сынайды. Бұдан бұрын футболдан биылғы Ұлттар лигасының өтетін мерзімі анықталды.