Медициналық қорғаныс костюмдерін сатып алу тендерін қалайша сувенир өндірумен айналысатын компания жеңіп алды?
Медициналық қорғаныс костюмдерін сатып алу тендерін қалайша сувенир өндірумен айналысатын компания жеңіп алды?
208
оқылды
Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бір реттік қорғаныс костюмінің 94700 данасын бұған дейін түрлі іс-шараларға орындарды дайындау, безендіру, полиграфия, сувенирлер, төсбелгілер әзірлеу қызметімен айналысып келген "Innovative scientific technology" компаниясынан сатып алған. Мұндай қызықты мәліметпен Zertteu Research Institute мемлекеттік емес ұйымы өзінің фейсбуктегі парақшасында жариялады. Қорғаныс костюмдері "Сатып алу процесі екі рет өткен. Екі келісім-шартта да "Innovative scientific technology" компаниясы таңдалған. Бір костюм жинағының бағасы – 7500 теңге. Жинаққа техникалық ерекшелікке сай комбинезон, бахил, көзәйнек пен бас киім кіреді. Костюмдердің 45 мың данасы – XL, 49700 данасы XXL өлшемінде болуы тиіс. Өнім алғашқы төлем жасалғаннан кейін 10-12 жұмыс күні ішінде жеткізілуі керек" деп көрсетілген жазбада. Бұған дейін Zertteu Research Institute мемлекеттік емес ұйымы Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының 4000 масканы гүл сатумен айналысатын компаниядан алуды көздегенін анықтаған. "ZakazBuketov.KZ Astana" жеңіп алған тендер нәтижесі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің назарына ілінген соң тоқтатылды.