Рұқсат етілмеген акция өткізбек болған
Рұқсат етілмеген акция өткізбек болған

– Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің Тергеу бас­қармасында ағымдағы жылдың маусым айында «Қылмыстық ко­декстің» №405 бабының нор­ма­ларына сәйкес қылмыстық істің қозғалғанын бұдан бұрын да ха­бардар еткен болатынбыз. Сезікті ретінде төрт азамат ұсталып отыр. Олар –  Жазира Демеуова, Гүл­зипа Жәукерова, Әнуар Әші­рә­лиев және Оксана Шевчук. Олар­ға қатысты соттың бұлтартпау шарасы ретінде сотпен үй қамауы қабылданған болатын. Бірақ заңда көрсетілген талаптар мен ережелерді бұзып, бұл азаматтар қазіргі таңда Алматы қаласының төңірегінде рұқсат етілмеген ак­цияны ұйымдастырмақ болғаны туралы мәлімет келіп түсті. Шұ­ғыл іздестіру және із кесу жұмыс­тарын жүргізу арқылы бұл мәлімет расталды. Шын мәнінде, бұл азаматтар рұқсат етілмеген акция­ны жоспарлап, оған қатысы бар барлық тиісті құжаттама мен зат­ты дайындап алған болатын. Осы топ мүшелерінің әрқайсысының өз рөлдері болған. Олардың ме­кенжайы бойынша тінту шара­ларын жүргізу барысында поли­ция қызметкерлері заңға қайшы келетін заттарды тәркіледі. Оның ішінде арнайы жарылғыш затқа ұқсас заттар мен құрылғылар бар. Тәркіленген заттар арасында заң­ға қайшы келетін үндеулер де бол­ған. Қазіргі таңда бұл азамат­тар кінәсін толығымен мойын­да­ды. Сот шешімімен бұлтартпау шарасы өзгертілді. Олар үй қа­мауынан кәдімгі қамауға ауыс­ты­рылды, – дейді Салтанат Әзірбек. 
Ресми өкілдің айтуынша, бұл азаматтармен қатар тағы бірнеше азамат ұсталып отыр. Олар «Әкім­шілік кодекстің» №488 бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарты­лып, соттың шешімімен тиісті шара қолданылды.