Тойда қонақтар мен қалыңдық COVID-19 жұқтырды
Тойда қонақтар мен қалыңдық COVID-19 жұқтырды
фото: iStock
158
оқылды
Өзбекстандағы үйлену тойында қалыңдық пен 12 қонақ коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Оқиға Ташкент қаласындағы Юнусабад ауданында болған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, әйел 4 күн ішінде екі ұлын үйлендіріп, той жасаған. Алайда тойға қатысқан 12 қонақ пен қалыңдық коронавирус жұқтырған. Олармен байланыста болған ондаған адам карантинге алынды. Сондай-ақ, басқа қонақтар COVID-19 вирусына тест тапсырып, стационардағы немесе үйдегі карантинге жатқызылған. Бұл оқиға бойынша эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, Өзбекстан коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты.