Нұр-Сұлтанда автобус парктері мен автобустар ауқымды дезинфекциядан өткізілді
Нұр-Сұлтанда автобус парктері мен автобустар ауқымды дезинфекциядан өткізілді
фото: ашық дереккөз
20-21 маусым күндері Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жасалды. Негізінен адам көп жиналатын орындар қамтылды. Қалалық қызметтермен қатар автобус парктері де дезинфекция жұмыстарына қатысты. Дезинфекция автобустар мен автопарк ғимараттарында жүргізілді. [caption id="attachment_52424" align="alignnone" width="1024"] width= фото: ашық дерккөз[/caption]   Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы бағдарлардың қозғалысы қайта жанданады. Экспресс бағдарлардың линияға шығуы туралы ақпарат қосымша беріледі.    width= Бағдарларда күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жүргізушілер соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жұмыстарын одан әрі қарай да жүргізеді. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Автобусқа отыру — тек алдыңғы есік арқылы. Жол жүру ақысы қолма-қол қаржысыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді