Көкшетауда өртенген пәтерден құтқарылған үш қыздың екіншісі көз жұмды. Денесінің 80-ы термиялық күйік алған 2013 жылы туған қыз бала кеше сағат 23:50 көз жұмды», - делінген Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Еске салсақ, 13 маусым күні кешке Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданындағы 14/3-үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан еді. Өрт кезінде пәтерде үш қыз бала болған. Оның екеуін көршілері құтқарушылар келгенше сыртқа алып шықты, ал, үшіншісін өрт сөндірушілер құтқарды. Қыздардың 2010 және 2013 жылғы екеуі 3-4 деңгейлі термиялық күйік алған, яғни денесінің 80 және 90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер олардың жағдайы аса ауыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрғанын айтқан болатын. Ал, үшінші - 2015 жылғы қыз бала Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілгенше көз жұмды. Оның денесінің 90 пайыздан астамы күйген.