Жақсылық Досқалиев: Пандемия біздің өзгелерге жарық түсіру үшін өзіміздің жанып кететінімізді көрсетті
Жақсылық Досқалиев: Пандемия біздің өзгелерге жарық түсіру үшін өзіміздің жанып кететінімізді көрсетті
фото: ашық дереккөз
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, трансплантолог және хирург Жақсылық Досқалиев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. «Сіздерді бүгінгі тамаша мерекемен құттықтаймын! Биылғы жыл мамандығымыздың қандай маңызды екенін көрсетті. Пандемия біздің шынайылығымызды, өзгелерге жарық түсіру үшін өзіміздің жанып кететінімізді көрсетті. Әрине, пандемия өтеді, вирус кетеді, бірақ біз - медицина қызметкерлері халық пен Отанға, адамның өмірін сақтау үшін қызмет етіп қала береміз», - деді Ж. Досқалиев. Оның айтуынша, медицина қызметкерлері ғасырлар бойы осылай еңбек етіп келеді. «Біз де, бізден кейінгілер де осы бағыттан айнымайды деп ойлаймын. Баршамызға денсаулық, сәттілік, бақыт тілеймін. Медицина қызметкерлері күні құтты болсын, құрметті әріптестер!», - деді экс-министр. Айта кетейік, жыл сайын Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді.