Алматыда рейд барысында 42 қоғамдық тамақтану орнында эпидемиологиялық талаптар сақталмағаны анықталды. «20 маусымда Кәсіпкерлік басқармасы, СЭС, жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдіктері өкілдері арнайы рейд өткізді. Комиссия 42 мекемеде эпидемиологиялық талаптар сақталмағанын анықтады», - деді әкімдіктен. Алатау ауданында 4 нысанда: «Лейла», «Эмиль», «Ким- ган-сан», «Шах» дәмханасында; Алмалы ауданында - 10 нысанда: «Cafe Leffe», «Якорь», «Пинта» «Альберто», «Вахтангури», «Shavlego», «Тандыр», Gastro bar, «Steak & Ноокаh «Sababa», «Finik» дәмханаларында; Әуезов ауданында - 4 нысанда: «My town», «Ай», «Луна» дәмханаларында, «Sky sport» компьютерлік клубында; Бостандық ауданында – 13 нысанда: «Элефант», «Түшпара», «Orient», «McDonald's», «Мята Platinum», «Mr.Donerci», «Пинта», «Bahandi burger», «Brother's Burger», «Пловхана», «Мармарис», «Мармарис», «Craft bar» дәмханаларында; Медеу ауданында - 10 нысанда: «Бла- бла», «Белладжио», «Қазақ ауылы», «Винная лавка», «Бродвей бургер», «Бармаглот», Крем Брюле, «Violet rooms» кинотеатрында, «Алаша», «Манана» мейрамханаларында; Түрксіб ауданында - 1 нысан «Жемчужное» дәмханасында эпидемиологиялық талаптар сақталмаған. Бұл нысандардың барлығына ҚР ӘқбК 462-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.