Ақтөбеде есірткі шегіп, көлік айдаған 23 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz . Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 маусым күні кешкі сағат 17.30-да патрульді полиция қызметкерлері қаладағы Кірпіш зауыты аумағында ВАЗ-2109 көлігін тоқтатқан. Оны 23 жастағы жүргізуші басқарған.
"Тексеріс барысында жүргізуші өз еркімен полицияға спецификалық иісі бар, оралған қағаз берген. Оның ішінде қос жасыл түсті зат болған. Сараптама барысында жүргізуші есірткі шегіп, көлік жүргізгені анықталды. Сондай-ақ, оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.Тіркелген факті негізінде ҚР қылмыстық кодексінің 346 бабы 1-тармағы ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйде көлік құралын басқару") және 296 баптың 2-тармағы бойынша ("Есірткі, психотропты және сол тектестер заттарды өткізу мақсатынсыз жұмыс істеу") сотқа дейінгі тергеу басталды. 23 жастағы жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сондай-ақ, 13 маусымда мас күйде көлік басқарған жүргізуші қолға түскен.
"Кривое озеро" жағажайында ВАЗ-2109 маркалы көлік тоқтатылды. Оны 31 жастағы жүргізуші басқарған. Ол мас болған және көлік жүргізу құқығынан айырылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласы полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.Тіркелген факті негізінде ҚР қылмыстық кодексінің 346 бабы 1-тармағы ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйде көлік құралын басқару") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.