Президент Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері орден-медальдармен марапатталды
Президент Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері орден-медальдармен марапатталды
фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлайды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», - деді Берік Уәли желідегі парақшасында. Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.