Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған

Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған

Бүгін Қазақстан аумағының көп бөлігіне Жайықтың үстінде орналасқан циклонның әсерінен  Оңтүстік-батыста жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады. Кей жерлерді тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Жамбыл облысында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с болады. Кей жерлерде тұман түседі.  Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан да қатты болуы ықтимал. Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен тіпті Түркістан облысында күндіз боран соғуы ықтимал. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе облыстарында түнде жел күшейеді.  Ал Батыс Қазақстан облысының кей бөлігінде қалың тұман түседі.