Қазақ жерін әлемге танытқан – Ернар Әуезов
Қазақ жерін әлемге танытқан – Ернар Әуезов
Ернар ата-анасымен бірге
1,070
оқылды
Соңғы жылдары туристік саланы дамыту алға қойғалы еліміздің елеусіз қалған табиғи құндылықтардың белсенділігі артта түсті. Қазір Қазақстандағы мемлекеттік табиғи қорық саны – 10. Еліміз осы көрсеткішпен ТМД елдерінің арасында 16-орында тұр. [caption id="attachment_52539" align="alignnone" width="1024"]Алакөл ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Әрине, кең байтақ жерге ие еліміз үшін он қорық әлі де аздық етеді. Бірақ қорықтың мақсаты – өңірдегі саны азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалып, көбеюіне жағдай жасау. [caption id="attachment_52540" align="alignnone" width="1024"]алакөл ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Осы қорықтың қатарын толтырып, «Құс базары» атанып кеткен Алакөл мемлекеттік қорығы 1998 жылдың 21 сәуірінен бері жұмыс істеп келеді. Ол Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. Тағы бір бөлігі – Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. [caption id="attachment_52541" align="alignnone" width="1024"]Алакөл ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жалпы, Алакөл – еліміз үшін маңызы ерекше аймақ. Оның ауа райы өзіне тән: қысы – қатал, жазы – жайдары. Ұлы Қытай елімен шекаралас. Аумағынан Ұлы Жібек жолы өтеді. Көлдің емдік қасиеті, шипасы бүкіл әлемге мәлім. Алакөл көлінің орта бойында орналасқан Аралтөбе аралдары бар. 
Сипаты жағынан қорық аумағы сулы-батпақты алқапқа жатады. Орман-тоғайы қабан мен қасқыр, ондатр мен елік секілді өзге де жан-жануарға толы болса, көлі балыққа бай. Мәселен, балықтың – 17 түрі, құстың – 269, өсімдіктің 273 түрі кездеседі. Соның ішінде реликті шағала немесе әлемге әйгілі көне дәуір шағаласы осында мекендейді.
[caption id="attachment_52542" align="alignnone" width="1024"]шағала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Қызыл кітапқа енген реликті шағала

Реликті шағала – әлемнің тек екі жерінде мекен етеді екен. Оның бірі – Үндістанның кішкентай көлшіктері болса, екіншісі – Алакөл аралдары. «Қызыл кітапқа» енгізілген жұдырықтай ғана құс жер бетінде аз екен. 90-жылдардан бастап мүлдем азайып кетіпті.
[caption id="attachment_52543" align="alignright" width="479"]Ернар ©Мұражай архивінен[/caption] Жыл сайын аралға 10 жұбы келсе, оның ішінде 2-3-і ғана жұмыртқа салады. Бұл шағаланың салған жұмыртқасы бойынша ең жоғарғы көрсеткішті 2001 жылы көрсеткен. Ол кезде реликті шағаланың жұмыртқасы 40 жеткен.
Тоғыз жыл өтсе де, бұл көрсеткіш өзгермеді. Реликті шағала адам аяғы баспайтын көл ортасындағы Аралтөбелерде қия тастардың арасына жұмыртқа басады екен.
Бірақ соңғы жылдары көлге келушілердің көбейіп, катер мен скутердің толастамауынан шағаланың жұмыртқа салуы азайып кетті. Қызығы, әлемнің атағынан ат үріккен бірде-бір ғалымы бұл шағаланы тани қоймаған. Көне дәуір шағаласын алғаш боп адамзатқа әйгілі еткен – Ернар Әуезов.  [caption id="attachment_52544" align="alignnone" width="996"]Ернар ©Мұражай архивінен[/caption] Ол - Жазушы Мұхтар Әуезовтың ұлы еді. Шағаланың жаңа түрін ашқан жас талантты,  қазақтың тұңғыш орнитологы атанғанын бірі білсе, бірі білмейді. Бірақ ол ұшқан құсты, жүгірген аңды аман сақтап қалудың амалын іздеп, шарқ ұрған жан еді.

Ернар реликті шағаланы қалай тапты?

Оқиға 1968 жылы болған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы зоология институтының кіші ғылыми қызметкері Ернар Мұхтарұлы Әуезов нақ осы Алакөлде су құстарына сақина салып жүрген кезде, оның орталық аралдарынан сыртқы пішіні қара басты өгіз шағалаға ұқсас ересек құстардың үлкен тобын кездестіреді. Жас ғалым оларды бірнеше күн бойы бақылағанда алғашқы пікірінің дұрыс емесіне көз жеткізеді. [caption id="attachment_52545" align="alignnone" width="1024"]Ернар Ернар Әуезовтың реликті шағаланы түсірген суреті[/caption] Көз ұяшығының алдын дөңгелек ақ шеңбер қоршаған, қара мойынды құстар өгіз шағалаға мүлде ұқсамайды екен. Осы ойын нақтылау үшін жас ғалым институт лабораториясында зерттеуін жүргізеді. [caption id="attachment_52546" align="alignnone" width="1024"]Ернар Ернар Іуезовтың фотоаппараты[/caption] Сөйтіп, экспедицияда жинақталған материалдарды ой елегінен өткізіп, фотосурет слайдтың алдында сағаттап тапжылмай отырып, жер жүзіндегі құстар тіршілігі жайындағы сирек басылым беттерін парақтаумен өткізеді. Ақырында ол келер жылы тағы да Алакөлге барып, ғайыптан пайда болған құспен айналысуға бел буады. [caption id="attachment_52548" align="alignright" width="524"]Ернар Ернар Әуезовтың реликті шағала бойынша жинақтаған материалдары[/caption]
Ол өзі көптен бері бақылап жүрген шағала денесінің басқа туыстарына қарағанда екі есеге жуық кіші екеніне көз жетеді. Оның тағы бір көңілге түйгені – әлгі құстың сәл нәрседен дүр етіп ұша жөнелетін секемшілдігі.
Осы деректің бәрі – 1969 жылы анықталады. Бірақ Ернар ол кезде бұл құстың өзіндік тарихы бар екенін білмеген. Кейінірек көз жеткізсе, аталмыш қанаттылар өкілі жарты ғасырдан бері түрлі құрылықтағы ғалымдарды әуре-сарсаңға салған екен. [caption id="attachment_52556" align="alignleft" width="371"]шам Ернар Әуезовтың қол шамы[/caption]

Швед зоологы Э.Ленберг осы құсты сипаттау барысында оны жаңа түрге жатқыза алмаған. Тек 1931 жылы оны қарабас шағаланың бір түріне балап, оған реликт шағала деген ат берген екен. Бұл «көненің көзі» деген ұғымға саятын еді. Алайда Алакөлдің жұмбақ шағаласын «реликті шағала» деген ат беріп, қызыл кітапқа енгізген Ернар Мұхтарұлы болатын.

Ернар Әуезов ғалым ба?

1935 жылы дүниеге келген Ернар бала кезінен табиғатқа жақын болған. Ізгі қасиеттің табиғаттан бастау алатынын жете сезінген Мұхтар Омарханұлы әлі мектепке  бармаған ұлына бір бөтелке сүт пен бір бөлке нанын беріп, қолына мылтығын ұстатып, алаңқайға жалғыз қалдырып кетеді екен. [caption id="attachment_52549" align="alignnone" width="1024"] width= Ернар ата-анасымен бірге[/caption]  Ал бала Ернар болса жабайы аң-құсын атып алып, тамағын жеп, жайбарақаттанып ата-анасын күтіп отырады екен. Содан да болар, ол өзін табиғат аясында еркін сезінгені соншалық бес жасында-ақ қазақстандық орнитологияның бастауында тұрған В.Н.Шнитников сынды ғалымдармен бірге тау-тасты аралаған. Жазушы-натуралист К.Г.Паустовскийдің де тәлімін алған.

 width=

Табиғатқа ғашық жан мамандығын да оңай тапты. ҚазҰУ-дың биология факультетін бітіріп, экспедицияларға қатысқан. Сол кездерде Зоология институтының орнитология бөліміне қызметке орналасты. Сонда жүріп ашқан үлкен жаңалығы – жоғарыда сөз еткен реликт шағаласы.

Оған қоса, Алакөлдегі жан-жануарлар табиғи қорығын құрудағы еңбегі оның есімін шетелге кеңінен паш етті. Кейіннен ол Экология және биоресурстар министрлігінде жұмыс істеп, еліміздің жан-жануарлар әлемі туралы заң жобалары мен нормативтік актілерін әзірлеуге белсене қатысты. Көптеген орнитологиялық конференцияда, симпозиум да, өзінің докладтарымен талай рет шыққан ол өмірінің соңына дейін ғылымнан қол үзбеген.
Арасында АҚШ-тың жоғары оқу орындары шақыртып, бір жылдары Оксфорд университетінде дәріс те оқыған. Ғылымдағы әріптестері оны көп сөйлемейтінін, әкесінің беделін ортаға салмайтынын тілге тиек еткен.
[caption id="attachment_52551" align="alignright" width="502"]Ернар Ернар Әуезов әйелімен бірге[/caption] Артында қыруар іс қалдырған Ернар жарты ғасырлық ғұмырында қазақ орнитология ғылымын  талай ғасырларға жылжытты. Оның ең соңғы сапары Ұлыбритания еді.
Ол сол жақтан тың дүниелерді көріп, жаңа идеялармен келген екен. Бірақ Әуез әулетінің дертіне айналған жүрек ауруы ғалымды ұзаққа жібермеді. 1995 жылы ол кенеттен қайтыс болды.
Ернардың жары Ольга Николаевна естілігінің бірінде «Ол кәдімгі Маугли еді» деген. «Пошта жәшігі хатқа толып тұратын. Көктем шыға салысымен, буынып-түйініп дайын отырушы еді. Сосын қара күзде бірақ оралатын. «Қалайша жыл бойы қалада өмір сүресіңдер» деп бізге таңғалатын. Сонда өзін табиғатта ғана бақытты сезінетін еді» дейді ол. [caption id="attachment_52553" align="alignnone" width="1024"]Ернар Мұхтар Әуезов отбасымен бірге[/caption] Ернар Әуезов үш рет отау құрды. Үшеуі де орыс ұлтының өкілі. Алғашқысынан – Асқар, екіншіден Лола есімді қызы бар.

Алакөл қорықшасының негізін қалаған Ернар

Кезінде Ернар негізін қалаған Алакөл қорықшасы 1998 жылы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығына айналды. Алғашында қорықтың көлемі шағын ғана – 120 мың гектар еді.  Қазір қорықтың аумағы – 65 672 га. Бүгінде Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары шекараларының қиылысында орын тепкен. Оның құрамында үш арал мен Тентек өзенінің сағасы қарайды. мұражай Бастапқыда қорықтың құрылуы 1986 жылы жоспарланған. Бірақ белгісіз себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Қорықтың орталық кеңсесі – Алакөл ауданының бас қаласы Үшаралда орын тепті. Қорықтың алғашқы директоры – Серік Толғанбаев болды. МұражайСоның бастамасымен қорық ғимаратында табиғат мұражайы ашылды. Сөйтіп, келесі жылдың 15 қарашада аталмыш мұражайға Е.М.Әуезов есімі берілді. Қорық ғимаратының ауласында 2001 жылы дендорологиялық бақ пен 2002 жылы қысқы бақтың негізі қаланды. Қорықтың символына айналған қанатты жиқанкез реликті шағала әлі де сақтаулы. Шағаланы тауып, елді әлемге танытып кеткен тұлға ел есінде мәңгі қалды.