Ауа райы: Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болса, Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін
Ауа райы: Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болса, Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
125
оқылды
Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарын түнде және таңертең тұман басады. Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болады. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.