Владимир Путин президенттік сайлауға түсуі де мүмкін
Владимир Путин президенттік сайлауға түсуі де мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
215
оқылды
«Россия-1» телеарнасы көрсеткен «Ресей. Кремль. Путин» фильмі үшін берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Өзім үшін әлі шешім қабылдамадым. Егер Конституцияда мүмкіндік жасалса, сайлауға түсуім де ықтимал. Оны алдағы уақыт көрсетеді», – деді Путин.
Путин шенеуніктерге оның орнын басатын адамды қазірден бастап іздемей, жұмыс істеу керегін ескертті, – деп жазады «Қазақпарт». Сұхбатта: «Ізбасарды іздеумен емес, жұмыс істеу қажет», – деді Путин. Ол Конституцияға өзгеріс енгізу ұсынысы өте орынды екенін де айтып өтті.
«Қолданыстағы Конституцияға түзетулер қабылдап жатқанымыз өте дұрыс екеніне кәміл сенемін», – деді ол.
Оның айтуынша, қолданыстағы Конституция қиын кезеңде қабылданған. Путин: «Қазіргі Конституция қиын-қыстау кезең – танкімен парламентке оқ жаудырып, Мәскеуде қақтығыстар өршіп, ішкі саяси дағдарыс болып жатқан кезеңде қабылданған еді», – деп еске алды.