«Полицияға 21 маусым сағат 18.45-те Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің 8-қабатынан ер адам құлап кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу шұғыл қызметтер шықты. Ер адамнан кейін 40 минут өткен соң дәл сол терезеден әйел секіріп кетті. Ол Төтенше жағдайлар қызметі дайындаған ауа жастықшасына түсті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы келіншек бірге тұрғаны белгілі болды. Пәтерді қарау барысында басқа адам анықталмады. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады Полиция департаменті. https://www.instagram.com/p/CBs-mSMHxhD/