Жаңаөзенде атыс болды ­– видео
Жаңаөзенде атыс болды ­– видео
Фото: lada.kz
lada.kz-тің жазуынша, куәгерлер атыс болғанын айтқан. Оқиғаға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.
«Оқиға қатысты полицияның кезекші бөліміне ешқандай қоңырау түскен жоқ. Соған қарамастан, құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаға қатысы бар автокөлікті анықтады», – деді жергілікті полиция өкілдері.
Видеода екі жас жігіт көлікке қарай тұра жүгіреді. Ер адамның бірі қаруды жүріп бара жатқан көліктің артқы есігінен тастап, өзі басқа жаққа қарай қаша жөнелгені анық көрінеді.   https://youtu.be/ZN6tAw_bYxU Видео: lada.kz Дереккөздің жазуынша, осы оқиғаға қатысты зардап шегушілер Жаңаөзен қалалық ауруханасына келіп, дәрігерден көмек сұрамаған. Оқиғаның анық-қанығы әлі тексерілуде.