Дене қызуы көтеріліп, ҰБТ тапсыра алмаған түлектер не істейді?
Дене қызуы көтеріліп, ҰБТ тапсыра алмаған түлектер не істейді?
Фото: Интернеттен алынды
175
оқылды
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қатысушыларға электронды сертификат беріледі. Негізі 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Алайда 144 талапкер ҰБТ өткізу пункттеріне келмеді. Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкердің дене қызуы жоғары болған, олар сынақты басқа күні, яғни сауыққан соң тапсыра алады. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Олардың құрамында Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері бар.
Айта кетейік, биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.
Көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген. 25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзғаны анықталса, талапкердің тест нәтижелері жойылуы мүмкін.