Алматы облысының әкімі коронавирусқа шалдықты
Алматы облысының әкімі коронавирусқа шалдықты
Фото: Интернеттен алынды
146
оқылды
Ауруы симптомсыз өтіп жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz. Дереккөздің жазуынша, Амандық Баталов оқшауланып, ем алып, қашықтан жұмыс істейді. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған болатынбыз. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты. Коронавирусқа шалдыққандар арасында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинн, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.