«21 маусымда қалалық жедел жәрдем станциясына көпқабатты үйден ер адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлер оқиға орнына барды. 1989 жылғы ер адам №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Ер адамның жағдайы өте ауыр болды. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан қайтыс болды», – деді басқарма өкілі.Біз бұған дейін оқыс оқиға туралы жазған болатынбыз. «Полицияға 21 маусым сағат 18.45-те Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің 8-қабатынан ер адам құлап кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу шұғыл қызметтер шықты. Ер адамнан кейін 40 минут өткен соң дәл сол терезеден әйел секіріп кетті. Ол Төтенше жағдайлар қызметі дайындаған ауа жастықшасына түсті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы келіншек бірге тұрғаны белгілі болды. Пәтерді қарау барысында басқа адам анықталмады. Оқиғаның мән–жайы тексеріледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деген болатын Полиция департаменті.