Теспе ауылының түлегі ҰБТ-дан 138 балл жинады
Теспе ауылының түлегі ҰБТ-дан 138 балл жинады
Фото: Интернеттен алынды
Орталық директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, кеше ең жоғары балл жинаған талапкер – Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Теспе орта мектебінің түлегі. Есімі – Абзал Әбдіманап.
«Ол 138 балл жинап шықты. Қазір жаңа норма енгізілген. Оған сәйкес, барлық ҰБТ процесі видеоға түсіріледі, кейіннен бейнежазбаға талдау жасалады. Әрине, біз Абзалдың да бейнежазбасын толық қарап шығатын боламыз», – деді Дидарбекова.
Кеше 21 маусымда республика бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.