"Бұл - нағыз тозақ": Елордалық дәрігер науқасқа толы ауруханадағы жағдайды айтып берді
"Бұл - нағыз тозақ": Елордалық дәрігер науқасқа толы ауруханадағы жағдайды айтып берді
Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева "Хабар" телеарнасына сұхбат беріп, қалалық жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөліміндегі жағдай қандай екенін баяндады.
"Егер 28 қаңтардан бастап санасақ, жұмыста жүргенімізге бес ай болды. Үйге мүлде бармаймыз. Алғашқы күннен бастап аурухана жартылай бос қалған күн жоқ. Бірақ соңғы аптада адамдардың да, жағдайы ауыр науқастардың да саны өсті. Қазір стационарда жатқан 95 пайыз науқас - пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі барлар - оттегін қажет ететіндер. Біздің жансақтау бөлімі науқастарға толып кетті", - дейді дәрігер. 
Инфекционист қазақстандықтарды коронавирус індетіне сақтықпен қарап, өзін және жақындарын сақтауға шақырды.
"Мен демігіп қалатын, жағдайы нашар, оттегі жетіспейтін науқастарды жиі көремін. 28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдықты бірінші рет көруім. Көп адам қайтыс болады. Ештеңені ескермейтіндіктен. сыртқа шығады, қонаққа барып, адамдарға жұқтырады. "Италиялық сценарий" деп жатамыз. Бірақ ол шын мәнінде де солай", - деді дәрігер көзіне жас алып. "Сеніңіздер, бұл өте қиын. Бәріміздің қолымыздан антидеприсант түспейді. Басқаша болмайды. Осылай жүргенімізге төрт ай болды, бұл - нағыз тозақ. Шын мәнінде өте қиын", - дейді Сәуле Ағытаева.
Еске салайық, 22 маусымдағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 3451 адам бар. Оның 2291-і аурудан айығып шыққан. https://www.facebook.com/khabartv/videos/308955806784900 ды айтыпты