Қостанайда бір-бірімен жарысқан екі автобус соқтығысты
Қостанайда бір-бірімен жарысқан екі автобус соқтығысты
© сурет интернеттен алынды
184
оқылды
Қостанай қаласында екі автобус соқтығысты, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға бүгін КСК шағын ауданында Қобыланды батыр көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктер қатты жылдамдықпен жарысып келе жатқан. «Mercedes маркалы №13 маршруттық автобусының 61 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Volvo маркалы автобуспен соқтығысты. Полиция қызметкерлері іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік материал жинады. Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», - дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.