Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 23 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 23 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Аймақтың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 23 маусым күндіз Нұр-Сұлтан қаласында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен жел соғады. Жел жылдамдығы 15-18 м/с болады. 23 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с. 23-24 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. 23-24 маусымда солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. 24 маусым күндіз Петропавл қаласында солтүстіктен соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.