«Жағдай қиындап кетті»: Атырау ауруханасында орын жоқ
«Жағдай қиындап кетті»: Атырау ауруханасында орын жоқ
134
оқылды
Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны артты. Облыста күн сайын 20-30 науқас инфекциялық және уақытша ауруханаларға жіберіледі, деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы. №2 облыстық аурухана 180 төсек орынға есептелген, бірақ қазір онда 200-ге жуық науқас бар. Сондықтан Махамбет туберкулез ауруханасында 100 төсектік инфекциялық бөлім ашылды.
«Жағдай қиындап кетті. Соған қарамастан медицина қызметкерлері келгендердің барлығын қарап, емдеп жатыр. Олардың арасында ауыр науқастар бар, біз оларды жансақтау бөлімдері мен жұқпалы аурулар ауруханасына жібереміз. Барлық дәрігер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның айтуынша, орын жетіспеушілігі мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар ол өңірде дәрі-дәрмек және жеке қорғаныс құралдарына қатысты проблема жоқ екенін атап өтті.