Жұмыс берушінің қызметкерлерінен ПТР-тест тапсыруын талап етуі  орынсыз – бас санитар дәрігер
Жұмыс берушінің қызметкерлерінен ПТР-тест тапсыруын талап етуі  орынсыз – бас санитар дәрігер
147
оқылды
Ол жұмыс берушілерді іссапардан келген, еңбек демалысынан шыққан, денсаулығына байланысты демалыс алған қызметкерлерден коронавирусты анықтауға арналған тест тапсыруға міндеттемеуге шақырды.
«Байқағанымыздай, мемлекеттік немесе жекеменшік жұмыс берушілердің барлығы іссапардан келген, еңбек демалысынан шыққан, денсаулығына байланысты демалыс алған  қызметкерлерінен ПТР-тесттен өтуін талап етеді. Жұмыс берушілерге айтарым, егер сіздің ұйым ашық болып, күнделікті жұмыс болып жатса, бұл талаптар ұйымға инфекциялық аурудың сырттан келуінен қорғамайды. Себебі жұмысқа келерде де, жұмыстан шыққан соң да адамдармен байланыс бар. Яғни, вирус жұқтыру қаупі бар деген сөз. Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің қызметкерлерін ПТР-тесттен өтуін талап етуі қосымша жұмысты көбейтеді. Сондай-ақ коронавирусты анықтау үшін тест тапсыруы тиіс, тест нәтижесі  аса қажет адамдарға қиындық келтіреді», – деді мемлекеттік бас санитар дәрігер.