Мектептегі жөндеу жұмыстарын қадағалады
Мектептегі жөндеу жұмыстарын қадағалады
230
оқылды
«Nur Otan»  партиясы  Партиялық ба­қылау комиссиясының мердігер мекемеге жөндеу жұмыстарының уа­қытылы атқарылмауына байла­ныс­ты берген ескертпесінен кейін те­резелерді ауыстыру жұмысы қар­қынды іске асырылып жатыр. – Біз туындаған мәселені дер ке­зінде партиялық бақылауға алған­дарыңыз үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі таңда 1шілдеге дейін ауыстырылуы тиіс 208 терезенің 90 пайызы то­лық­тай ауыстырылды. Осы қарқынмен жұмыс атқарылса, белгіленген мер­зімде жөндеу жұмыстарын аяқтайтын боламыз, – деді Шоқан Уәлиханов атын­дағы №3 мектеп-лицейінің дирек­торы Есім Тұрысбекұлы. Мердігер мекеме жөндеу жұмыс­тарын қарқынды жалғастыруда. Қазіргі уақытта 4 бригада кестеге сәйкес жұмыс жүргізуде. Жөндеу жұ­мыстары 1шілдеге дейін толық аяқталуы тиіс. Өткен жолғыға қарағанда те­резелердің көбі ауыстырылған, десе де әлі жұмыс толықтай аяқтал­маға­нын көріп отырмыз. Жұмыс сапалы әрі талапқа сай жүргізілуі керек. Біз бұл жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып біткенше партиялық ба­қылауда ұстайтын боламыз, – деді «Nur Otan»  партиясы Шығыс Қазақ­стан облыстық  филиалы Партиялық ба­қылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Әділбекұлы. Естеріңізге салар болсақ, 12 мау­сым күні жөндеу жұмыстары­ның уа­қытылы орындалмауына байла­ныс­ты мектеп әкімшілігінің өті­ніші негізінде «Nur Otan»  пар­тиясы Шы­ғыс Қазақстан облыс­тық фи­лиа­лының Партиялық ба­қылау ко­мис­сиясы арнайы мә­се­­лемен танысып, бақылауға ал­ған болатын.  

Әбілмансұр ЖАСАН