Коронавируспен ауырғандар сапалы ем алу үшін барлық жағдай жасалады – Тоқаев
Коронавируспен ауырғандар сапалы ем алу үшін барлық жағдай жасалады – Тоқаев
164
оқылды
«Індет қайта өршіген жағдайда, оның ауқымы кеңейген кезде сіздерге қорғаныс костюмдері, қажетті препараттар, төсек-орын жетіспейді, өзге де қиындықтармен бетпе-бет келесіздер. Бұл проблемаларды таяу уақыттың ішінде шешеміз. Үкіметке шұғыл түрде бұл жағдайды дұрыстау туралы нақты тапсырма берілген. Қазір барлықтарыңызға парыз бен медициналық антқа адалдықтарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қазақстанда 100 мың азаматқа шаққанда ауырғандардың саны 80-нен сәл ғана асады. Бұл әлемдік статистика сәйкес, орташа көрсеткіш саналады. Тым жаман болмаса да, өте жақсы емес. Біз ауруға шалдыққандардың статистикасын мұқият қадалағап отырмыз. Бірақ, сауығып шыққандардың статистикасын жиі естен шығарып аламыз», – деді Президент.
Мемлекет басшысы ауырғандардың шамамен жартысы сапалы әрі тиімді ем алатынын және бұл барлық медицина қызметкерлерінің еңбегі әрі жұмыстарының көрсеткіші екендігін баса айтты.
«Ауырғандардың басым бөлігінің коронавирустан емделіп шығатындығына сенімдімін. Күні кеше ғана Жарлығыммен бір топ медицина қызметкерінің жанқиярлық жұмысын елеп, оларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік орден, медальдармен марапаттадым. Осы адамдардың атынан еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.