«Парламент сөзі» жеңімпаздары анықталды
«Парламент сөзі» жеңімпаздары анықталды
Құрамына Мәжіліс депутат­тары, көрнекті қоғам қайраткерлері, партия өкілдері кірген білікті комиссияның шешімімен 7 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық БАҚ өкіл­деріне және «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаз­дарына жылы лебізін жолдап, келе жат­қан кәсіби мерекесімен құттық­тады. Нұрлан Зайроллаұлы жур­налистердің заң шығару про­цесіне белсене қатысқанына мән бере келе, БАҚ өкілдері мен депутаттық корпустың өнімді бірлескен жұмысын атап өтті. Мәжіліс спикерінің баста­масы бойынша биылғы жылы «Парламент сөзі» арнайы сый­лығы мезгілсіз өмірден өткен танымал журналист Бейсен Құранбекке берілді. Н.Нығматулиннің пікірін­ше, Бейсен Құранбектің отан­дық телевизиялық журналис­тиканың дамуына қосқан зор үлесі, сонымен қатар оның биік кәсіби қасиеттері халықтың құрмет-қошеметіне лайық. Биылғы жылы «Nur Media» холдингінің бірнеше өкілі қата­ры­нан жеңімпаз атанып отыр. Атап айтқанда, «Ең үздік бас­пасөз жарияланымы» аталы­мында «Литер» газетінің ұжымы лауреат атанды. Ал «Ең үздік фотоматериал» номинациясында «Nur Media» фотографы Советбек Мағзұмов жеңіс тұғырына көтерілді. «Парламент сөзі» байқауы 2016 жылдан бері жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Дегенмен 2020 жылы аталған сый­лықтың қорытындысын шы­ғару елді жайлаған корона­вирус пандемиясына байланыс­ты біршама өзгеріске ұшырады. Бұл жолы ұлықтау салтанаты БАҚ мерекесі қарсаңында ұйым­дастырылмады. Парламенттік журналистерді шақырып, жеңімпаздарды дип­лом­мен және Мәжіліс симво­ли­касы бейнеленген бірегей мү­сіншелермен марапаттау рә­сімін күзгі парламенттік сессия кезінде өткізу жоспарланып отыр.  

Ерік ЕРДЕНОВ