ҰБТ-2020: 138 балл жинаған түлек Абзал Әбдіманап қатарластарына кеңес берді

ҰБТ-2020: 138 балл жинаған түлек Абзал Әбдіманап қатарластарына кеңес берді

«ҰБТ-ны 21 маусым күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уалиханов мектебінде тапсырдым. Тест сұрақтары маған оңай болды. Өзім оқыған, жақсы білетін тақырыптар келді. Тест тапсыру кезінде бақылаушылар бәрін қарап жүрді, жоғары балды өзімнің таза біліміммен алып шықтым», – дейді Абзал Әбдіманап. 
Ол болашақта тіс дәрігері болуды армандайды. Талапкер қатарластарына да тек өз біліміне сенуге кеңес беріп, сәттілік тіледі.
«Енді жүрек қалауыммен медицина саласын таңдасам, ағаларым сияқты тіс дәрігері болсам деймін. Өзімнен кейін тапсыратын талапкерлерге «шпаргалка» сияқты тыйым салынған заттарды алып кірмеуге кеңес беремін. Өйткені оны алып кіре алмайсыздар, камерадан бәрі көрінеді. Бақылаушылар да қарап тұрады. Қатарластарыма айтарым, тек өздеріңізге сеніңіздер, сіздерге сәттілік тілеймін», – дейді түлек.
Ол ҰБТ-да 120-дан астам балл жинауды мақсат еткен.   [caption id="attachment_52907" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]
«Әрдайым алдыма мақсат қойып, қашан да соған жетуге талпынамын. ҰБТ-ға дайындалып жүргенде 120 балл аламын деп ойладым. ҰБТ-дан 138 балл алғаныма өте қуаныштымын», – дейді ол.
Абзал бос уақытында кітап оқып, спортпен айналысқанды ұнатады.