Нұр-Сұлтандағы ең қымбат үйлер қандай?
Нұр-Сұлтандағы ең қымбат үйлер қандай?
566
оқылды
Сән-салтанаты келіскен үйлердің артықшылықтары мынандай екен:
  • 3 600 000 000 теңге
Аумағы 130 соттық жерді алып жатқан 10 бөлмелі, 3 қабатты жеке үй – ең қымбат үйлердің көш басында тұр. Үйдің жалпы аумағы – 2500 кв метр. Бұл үй жеке жоба бойынша салынған. Ішінде спортзал, SPA-аймақ т.б. бар.  Үй ауласында қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған. баспана
  • 1 600 000 000 теңге
Құны жағынан ең қымбат үйлердің тізімінде екінші орынды иеленген 7 бөлмелі, 2 қабатты үйдің аумағы 530 кв метр. Бұл жеке үйдің аумағында сауна, балаларға арналған ойын алаңы, гараж орналасқан. баспана
  • 1 255 000 000 теңге
Келесі үйдің 9 бөлмесі бар, 2 қабаттан тұрады екен. Аумағы 57 соттық. Үйдің жалпы ауданы 1000 кв метр. Үй аумағында барлығында ландшафты отырғызылған.  Монша кешені, бассейн, барбекю аймағы бар. баспана
  • 990 000 000 теңге
Төртінші орында 8 бөлмелі, 3 қабатты жеке үй қарастырылып отыр. Бұл үй 50 соттық жерді алып жатыр. Аумақта қысқы бақ, бассейн, хаммам, сауна, бильярд, кинотеатр, спортзал, шарапхана, балалар ойын алаңы, шағын футбол алаңы және бірнеше гараж бар. баспана
  • 870 000 000 теңге
Үздік бестікке ілінген 6 бөлмеден тұратын 2 қабатты жеке үйдің аумағы 20 соттық. Үйдің жалпы аумағы – 655 кв метр. Аумақта бассейн, сауна, демалыс бөлмесі, гараж, жылытылатын шыны терраса бар. баспана
  • 800 000 000 теңге
Тізім соңын 10 бөлмеден тұратын 4 қабатты коттедж аяқтайды. Бұл  үй 18 соттық. Үйдің жалпы айумағы 950 кв метр. Фин саунасы, кітапхана, қысқы бақ бар. баспана Жыл соңында баспана бағасы төмендейді баспана Тұрғын үй нарығының сарапшысы, Мұхаметжанов Асылбек: ̶  Карантиннен кейін үй алам деушілердің саны көбейген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жаңа үйлердің бағасы өсті. Бұған доллардың көтерілуі себеп болып отыр. Яғни, құрылыс материалдарының көбі сырттан келеді. Жаңа үйлердің бағасы шамамен 10%-тей өсті. Ал қайталама нарықтағы баспаналар қалыпты күйде. Оның негізгі себебі, ипотекалық бағдарламалар арқылы үй алуға ниет білдіргендер саны артып отыр.  width=Алдағы уақытта карантин режімі жалғасатын болса, бұл нарықтағы үйлердің бағасы 15-20 %-ке дейін түседі. Нарық заңдылығы бойынша сұраныс азайса, баға да төмендейді. Карантин кезінде ипотека қарастырғандардың әлеуметтік төлемдері болмағандықтан құжаттары өтпей қалды. Жұмыссыз қалғандардың да саны артқан. Соның барлығы нарыққа әсер етеді. Жалпы үй алатындардың 80%-ы ипотека арқылы алады. Ал жаңа үйлердің бағасы түспейді. Жылжымайтын мүлік нарығының талдаушысы, Анна Шацкая: ̶  Тұрғын үй нарығында сұраныс төмендеп, баға да арзандауы мүмкін. Қиындықтар әлі алда. Қымбат үйлер тұрғын үй нарығындағы сұранысты көпке дейін қамтамасыз ете алмайды. Бірнеше айдан кейін төлем қабілеті бар сұраныс таусылып, жұмыссыздық пен отбасы табысының төмендеуі салдарынан тұрғын үй бағасы төмендейді.
баспанаХВҚ мен ЕҚДБ болжамы бойынша елімізде жұмыссыздық 4,8-ден 7,8% - ға дейін өседі, ал ІЖӨ 3% - ға төмендейді. Бұл жағдай экономиканың бір бөлігі саналатын тұрғын үй нарығына да әсер етеді. Қазіргі жағдайда табыстың төмендеуіне байланысты эконом және комфорт-класстағы тұрғын үйлерге сұраныс жоғарылайды.
Бизнес және элит-кластағы жылжымайтын мүлікке сұраныс күрт төмендеп, мұндай нысандардың бағасы жыл соңына дейін орта есеппен 5-7%-ке қысқаруы мүмкін. Дағдарыс кезеңінде бір жарым-екі жыл ішінде жеке үйлер, саяжайлар мен коттедждерге сұраныс артады. Жалпы қоғамда өмір мен жұмыс үшін неғұрлым экологиялық және қауіпсіз орта құруға ұмтылатындар саны артпақ.