Шымкентте үш күнде пневмониядан 22 адам қайтыс болды
Шымкентте үш күнде пневмониядан 22 адам қайтыс болды
Өткен үш тәулік ішінде Шымкентте пневмониядан 22 адам қайтыс болды. Бұл туралы брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр айтты. "Мұндай пневмония бізде бұрын болған жоқ. Біз мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмыз. Науқастардың саны күн өткен сайын артып келеді", - деді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда да науқастар санының күрт өсуіне байланысты ауруханаларда орын тапшылығы мәселесі туындағанын хабарлаған болатынбыз.