Берлинде бұзақылар 40 дүкенді талқандады
Берлинде бұзақылар 40 дүкенді талқандады
Германияның Штутгарт қаласындағы тәртіпсіздік кезінде 40-тан астам дүкен талқандалған. Бұзақылар сауда орындарының терезелерін шағып қана қоймай, ондағы заттарды да тонаған, деп хабарлайды "Хабар-24". Кәсіпкерлер тәртіпсіздіктен келген шығын көлемі миллиондаған евроны құрайтынын айтады. Істі тергеу үшін арнайы топ құрылды.
- Бұзақылар дүкенімізді тас-талқан етіп кетті. Олар біздің ғана емес, осы көше бойындағы көп дүкенді шағып, тонады. Бұл - нағыз жабайылық. Бұзақылар өз істерін алдын ала ұйымдастырды ма, жоқ па білмеймін. Бірақ мұндай қаскөйлікті алғаш көруім, - дейді дүкен менеджері Эйб Руссом.