Елбасы ұсынымен өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Елбасы ұсынымен өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
212
оқылды
            «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының екінші консультативтік кездесуінде елдер асасында мәдени-гуманитарлық байланысты күшейту мақсатында, еліміздің үздік жоғары оқу орындарына Орталық Азия суденттеріне Қазақстанда оқу құқығын беретін 10 гранттан бөлуді ұсынды.
            Елбасы ұсынысын орындау мақсатында, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Өзбекстан Республикасының орта мектеп түлектеріне 10 грант бөлу туралы конкурс жариялаған болатын. Аталған байқауға сапалы білім алуға ұмтылған және академиялық үлгерімі жоғары талапкерлер қатысты. Қатысушылар алғашқы кезеңде «Заңдылық пен әділеттілік ұғымының арақатынасы» тақырыбында эссе жазды. Қорытынды кезең онлайн форматта өтті. Талғат Нәрікбаев, КАЗГЮУ өзін Халықаралық ЖОО ретінде танытып жүргенін  және жоспарында шетелдік студенттер санын арттыру бар екенін атап өтті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өткен конкурстың жеңімпаздары анықталды. Олар – Нулифар Рифатова, Дильхумор Олтин, Сожида Холлиева, Елкин Магдимус, Диана Хашимова, Анвар Сапаров, Бекзат Диханов, Дарья Тяпугина, Мухаммад Юнусов, Камил Шарипов.

Айбике Жанасыл