ҰБТ-ға кіре алмаған немесе тест нәтижесі жойылған түлек те оқуға түсе алады
ҰБТ-ға кіре алмаған немесе тест нәтижесі жойылған түлек те оқуға түсе алады
187
оқылды
ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтар айында тапсырған және шектік балл алған түлектердің жоғары оқу орнына ақылы бөлімге тапсыруға мүмкіндіктері бар, – деп хабарлайды КТК арнасы.
«Егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырған болсаңыз, онда бұл куәлікпен жоғары оқу орнына ақылы негізде түсе аласыз», – деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Қаңтардағы сертификат егер талапкер тестке кіргізілмеген болса немесе маусымдағы ҰБТ нәтижелері жойылған болса да жарамды. Биыл елімізде ҰБТ тапсырудың ережелері күшейтілді. Алғашқы күні 160 адам тыйым салынған заттарды заңсыз өткізуге әрекеттенгені және ережелерді бұзғаны үшін тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды. Екінші күні емтиханға 261 қатысушы жіберілмеді, 19 адам дене қызуы жоғары болғаны үшін тест тапсыра алмады.  58 талапкер 130-дан жоғары балл жинады, 6 мыңнан астамы емтихан тапсырды.