COVID-19: ахуал алаңдатып отыр
COVID-19: ахуал алаңдатып отыр
145
оқылды
Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ПТР үшін қан қабылдайтын медорталық жұмысын 19 маусымда тоқтатты, бүгін қайта жал­ғас­тыра­ды. Бірақ ПТР тестінен өту бағасын кез келген адамның қалтасы көтере алмайды. Тіп­ті, тест нәтижесі оң болған күннің өзінде ауруханада орын жоқ. Ал  кеше астанадағы ем­ханалар жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатты. Қала билігі елордадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып осындай шешім қабылдаған.  

Дәрігерлер де қашықтан емдеуге көше ме?

Сонымен емханаларда ересек­тер мен балаларды профилактика­лық қабылдау, оның ішінде ск­ри­нинг­тер, жоспарлы стомато­логия­лық, оңалту қызметтері, денсаулық мек­тебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, міндетті әлеуметтік сақтан­дыру құжатын рәсімдеу, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жол­дама беру, тәулік бойғы және күн­діз­гі стационар жұмысы тоқтатыл­ды. Мамандардың жоспарлы кон­суль­тациялық көмек көрсетуі он­лайн форматқа ауыстырылмақ. Дис­пансерлік тіркеуде тұрған аза­мат­тарға қажетті рецепт онлайн ре­жимде беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіледі. Тек халықты вакцинациялау ек­пенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады. Осылайша, қала емханалары КВИ бел­гілері бар және шұғыл мед­кө­мек­ті қажет ететін науқастарды ға­­на қабылдайтын болды. Ал ко­ро­на­вирус­тың белгілері жоқ нау­қас­тар­ды емдеу үшін медицина қыз­­меткерлері бейнеқоңырау жә­не байланыстың басқа да ар­наларын пай­далану арқылы кон­сультация өткізеді. Консультация кезін­де ауру белгілері байқалған бой­да нау­қас­тарды ауруханаға жат­қызады. Соңғы уақытта коронавирус жұқ­тырғандардың көбеюінен олар­ды емдейтін дәрігер жетпей жат­қа­ны айтылып жүр. Науқастан вирус жұқтырып оқшауланған дәрігерлер де баршылық. Ал КВИ белгісі жоқ нау­қас вирус тасымалдаушы сана­лады. Мұндай науқас кез келген дә­рі­гер үшін қауіп төндіреді. Енде­ше жалғыз елорда емес, еліміздің барлық өңіріндегі дәрігерлерді қа­шықтан емдеуге ауыстырса қай­тер еді? Мектеп оқушылары қа­шық­­тан оқудың аса қиын емес еке­ніне көз жеткізді емес пе? Олай бол­са, дәрігерлер де науқастарға дәрі­герлік кеңесті онлайн форматта берсе... бұл тәсіл астанада енгізіле бас­тады. Енді өзге өңірлерге де ен­гізілсе, құба-құп болары анық.  

Коронавирус жұқтырғандар үйде емделеді

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың  КВИ жұқтырған науқастардың ен­ді үйде емделе беретінін айтады. «Коронавирус инфекциясы анық­талғанда азаматтарды ауру бел­гісі бар және жоқ деп бөлеміз. КВИ белгісі жоқ адамдар  ауру адам емес, тек осы вирусты тасы­мал­даушы болып саналады. Олар­ды емдеу қажет емес. Ал екін­ші топ – ауру белгісі бар адам­дар біздің хаттамаға сәйкес ем алады. Әр адам ЖРВИ, тұмау не­месе КВИ белгісі бар болса, мін­детті түрде тест тапсыруы қ­ажет. КВИ анықталған адамдарға дә­рігерлер арнайы ем жазып бе­реді. Олар үйде иммунитет көте­ріп, түрлі витамин ішуі қажет. Ең бас­тысы, емді міндетті түрде дә­рі­гердің кеңесіне сәйкес алуы ке­рек», – дейді ол. Яғни, науқастар өз-өзіне ем-дом жасамауы керек. Мұны Ден­сау­­лық сақтау министрінің зерт­ха­­налық қызмет бойынша кеңе­с­шісі Жанар Сүлейменова да ай­тып отыр.  «Бұл ауру құры­лы­мы­ның генетикалық түрленуі жүріп жатқанын көрсетеді. Біз байқаған пневмонияның ауыр түрлері мұндай көп көлемде тіркеліп жат­қан жоқ», – деген ол  ко­ро­навирус анық­талған, бірақ симптомы жоқ адам­дар өз жағдайын бақылап, дене қызуын өлшеуі тиіс. Ентігу, де­не қызуының 38 градусқа жетуі, әлсіздік сынды белгілер байқалса, бір­ден жедел жәрдемге хабар­ласуы қажет. Қазіргі уақытта коронавирус ин­фекциясының жеңіл формасы мен симптомсыз түрі көбірек тір­келіп жатыр. Call-орталыққа ха­барласатындар саны 3-4 есеге дейін кө­бейген. Елордада бір тәулікте 3 800 қоңырау тіркеліп, 2 728 адам­ға қызмет көрсетілген.   COVID-19  

Қосымша төсек-орындар дайындалып жатыр

Денсаулық сақтау министр­лігі­нің дерегінше, бүгіндері елі­міз­дің барлық стационарлық ка­ран­тинінде 1 868 адам, үй каран­ти­нінде – 11 563 адам жатыр. COVID-19-бен ауырып, ауру­ха­на­да жатқан науқастар саны – 8 052, КВИ жұқтырып, амбула­то­рия­лық бақылауда 8 472 адам тұр.  Бұл цифр күн сайын көбейіп ке­ле­ді. Сондықтан Нұр-Сұлтан қа­­­­ласында 22 маусымда қосымша 200 орындық стационар дайын­дал­ған. Егер науқастарды жатқы­за­тын стационар жетпесе, басқа да ұйымдар стационарға бейімде­ліп дайындалады. Ал Алматыда коронавирус бойын­­­­ша эпидемиологиялық ахуал күрт нашарласа, онда қала­да­ғы HalykArena және Аlmaty­Arena спорт кешендері базасында ин­фекциялық стационар ашы­лады. «Стационарлардағы төсек-орын­дар тапшылығы байқалып жа­тыр. Бүгінде провизорлық тө­сек-орындар 90 пайызға, ин­фек­циялық төсек-орындар 95 пайыз­ға жүктелген. Егер эпидемио­ло­гия­лық ахуал қиындаса, HalykArena базасында 500 орын ашуды қарастырудамыз. Сондай-ақ біз 150 төсек-орынға арналған «Те­мір­жол ауруханасы» АҚ госпиталі ба­­засында жұқпалы аурулар ста­цио­­нарын ашамыз. Осылайша, жұқ­­палы ауруларға арналған 1 940 тө­­сек-орынға қосымша тағы 650 орын ашылады», – деді Алматы қа­лалық Қоғамдық денсаулық сақ­­тау басқармасының бастығы Ка­малжан Надыров. Оның айтуынша, егер жағдай одан әрі ушықса, HalykArena ба­засындағы төсек-орындар санын 300 төсек-орынға көбейту мүм­кін­дігі бар. Сол сияқты Almaty­Arena базасында да стационар аш­уға болады. Осының барлығын есеп­тегенде, 3 700-ге дейін жұқ­па­лы аурулар орнын, 1 000-ға жуық провизорлық төсек-орнын ашу­ға мүмкіндік бар. Жатақ­хана­лар базасында да провизорлық жә­не жұқпалы аурулар төсек-ор­нын ашу мәселесі қарастырылады. Дәрігерлер науқастар саны­ның өсуі қант диабеті, артериялық ги­пертензия, жүрек аурулары сияқ­­­ты қосымша аурулары бар нау­­қастардың көбеюіне байла­ныс­ты деген қорытындыға келіп отыр.  

КВИ-ден емделгендер плазма тапсыра бастады

Коронавирус инфекциясымен ауыр­ғандарды емдеудің бір ба­ла­масы – аталған дерттен жазыл­ған­дардың плазмасын пайдалану. Рес­публикалық қан орталығының ди­рек­торы Дилявер Бекировтың ай­туынша, бір ай ішінде 24 адам плаз­­ма тапсыруға өтініш білдір­ген. Бірақ  үшеуі ғана донор бол­ды, себебі оларда COVID-19 ан­ти­­де­нелерінің жоғары титрі анық­тал­ған. Солардың бірі – Алматы қа­лалық Қоғамдық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Камалжан Надыров. «Мен коронавирустың ауыр түрі­мен науқастанған азамат­тарды емдеу үшін қолданылатын плаз­маны тапсырдым. Өздеріңіз білетіндей, мен осы инфекциямен ауырдым және менің плазмам осы індеттің ауыр түрімен ауыра­тын пациенттерді емдеуге көмек­теседі деп ойлаймын. Жұқтыр­ған­дар үшін қолданылатын бұл әдіс тірі вакцинаның әсеріне ие және көпшіліктің сауығып ке­туіне көмектеседі. Донор болу – әрбір адамның парызы» деген К.Надыров  осы дерттен жазылған адам­дарды COVID-19 антиде­несі­н­е қан тапсыруға шақырды. Оның айтуынша, бұл процедура қауіпсіз өтеді. Плазмаферез (плазма дайын­дау) процедурасы кезінде бір до­нордан 600 мл плазма алады, жұқ­тырған адам үшін 200 мл жет­кілікті. Плазманың мұндай кө­лемін алу донорға ешқандай зиян келтірмейді. Бұл плазманың әсері пассивті иммундауға негіз­дел­ген, яғни дайын антиденелер қан­ға ауыстырылады және па­циент­­тің вирустарын бейтарап­тан­дырады. Қазіргі уақытта дәрі­гер­лер қолданатын барлық пре­па­рат – бактерияға қарсы немесе қа­бынуға қарсы жанама сипатқа ға­на ие. Ал КВИ-ден жазылған науқастар қан тапсыру арқылы аталған індетті жеңуге өлшеусіз көмек берген болар еді...  

халимаХалима БҰҚАРҚЫЗЫ