Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.
«24 маусым күні сағат 04:40-та Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Рамазан» суару каналының бойындағы жалпы аумағы 250 шаршы метр 9 азық-түлік бутигі өртеніп кеткен» делінген комитеттің хабарламасында.Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сағат 06: 25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД күштері мен құралдары, кезекші жедел тергеу тобы жалпы саны 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды.