Баспаналы болу – бір бақыт
Баспаналы болу – бір бақыт

Мемлекеттік қызметкерлерге бір миллион теңгелік сертификат табыстау үрдісі көптен бері қа­лып­тасқан. Өйткені баспана алу­ға жеңілдік ретінде мемлекет осын­дай ұсыныстар жасайды. Мұн­дай бастама бірталай от­б­а­сының көкейіндегі арманы – өз үйіне қол жеткізуді жеңілдететіні анық. Елорда күнінің құрметіне тағы жүз жанның жүзінде қуаныш табы сезілді. Астаналық тұрғын­дар­ға сертификатты қала әкімі Алтай Көлгінов табыстаған бо­латын.

Бір атап өтетін жайт, елор­да­лықтар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына белсенді қаты­сып келеді. Осыған дейінгі дерек­тер осыны дәлелдеп отыр. Өйт­кені Нұр-Сұлтан қаласында жаңа пәтерлердің саны салыстырмалы түрде көп. Тұңғыш Президент – Ел­басының бастамасымен іске асы­рылып жатқан «Бес әлеуметтік бас­тама» аясында әр отбасыға бас­пана берудің жаңа мүмкіндігі ашыл­ды. Сертификаттардың кімге берілетіні туралы айтар бол­сақ, елорда өміріне елеулі еңбегі сіңген жандарға табысталады. Яғни ұстаздар, дәрігерлер және полиция қызметкерлері 1 мил­лион теңгеден алады. Сол серти­фи­каттың көмегімен ипотека рәсім­дейді.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда 162 мың оқушы мен 55 мың бала­бақша тәрбиеленушілерін оқы­тып отырған 17 мың ұстаз бар. Со­­­нымен бірге, медициналық қыз­меткерлер саны – 20 мыңға жуық. Оның ішінде 8 мың дәрігер, 12 мың орта қызметкер бар екен. Қо­ғамдағы тәртіпті қадағалайтын қыз­меткерлер саны болса, 8 мың­дай. Ұстаздар, дәрігерлер мен по­лицейлер қауіпсіздікті қам­та­масыз етіп, халықтың денсау­лы­ғын нығайтып, жастардың білімді болуы­на бірден-бір әсер етеді. Олар­дың еңбегі орасан.

Қала басшысының айтуынша, осы жылы 1500 тұрғын үй сер­ти­фикатын табыстау жоспарланып отыр. Соның ішінде 500-і бюд­жет­тік ұйым қызметкерлеріне бе­ріл­се, қалғаны көпбалалы отба­сы­ларға табысталады екен. Мұн­дай бастамалар әрмен қарай да жалғасын таба беруі тиіс. Өйткені әр отбасының тұрғын үйлі бол­ғаны – бақыт.  

Айша ЕРСҰЛТАН