Коронавирусқа шалдыққан адамға жедел жәрдем көмектесе ме?
Коронавирусқа шалдыққан адамға жедел жәрдем көмектесе ме?
100
оқылды
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегі өте ауыр.
«Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес, пациенттерге жедел көмек көрсету алгоритмі бекітілген. Жедел көмек бригадасы шақыртуға қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте науқастың ентігіп, тыныс алуы қиындап, дене қызуы көтеріліп тұрғаны есепке алады», – деді ол.
Оның айтуынша, науқастан қауіпті факторлар анықталмаса, ол үйінде қалдырылады. Ары қарай емхананың учаскелік дәрігерінің қадағалауына жіберіледі.
«Егер пациентте аурудың ауыр немесе орташа ауыр белгілері анықталса, қауіпті фактор болса, яғни жасы 60-тан асқан, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары сияқты аурулар болған кезде одан ары емдеу үшін стационарға жеткізіледі. Жалпы, қазіргі уақытта жедел медициналық көмек бригадаларының барлық қызметкерлері коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды анықтау алгоритмін біледі. Барлық қажетті медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген», – деді Бауыржан Жүсіпов.
Оның айтуынша, осы жылдың мамыр айында жедел медициналық көмектің 11 823 қызметкеріне 2 млрд теңгеден астам қосымша төлемақы төленген.