Оның айтуынша, Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеу өткізуді тоқтатты, бірақ орталық мемлекеттік емханалармен, ауруханалармен жұмыс істеп жатыр.
«Дені сау адамдар орталықтарға көптеп бара бастады. Бұл – дұрыс емес! Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болып жатыр. Біз жеке тұлғалар арасында ақылы ПТР тестілеуді тоқтатуға шешім қабылдадық. Емханалармен және ауруханалармен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Біз оларға баса назар аударамыз. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек», – деді Талғат Тұңғышбаев.