Головкин – Альварес жекпе жегі биыл өтеді
Головкин – Альварес жекпе жегі биыл өтеді
Хирннің пікірінше, корона­вирус пандемиясына байланысты үзілістен кейін көрермендерге қы­зықты бокстар ұсыну керек. Олар алғашқы бокс кешін та­мыз­дың ортасында өткізуді жоспарлап отыр. «Ме­нің­ше, DAZN-да үш флагман боксшы бар. Олар: Энтони Джошуа, Канело Альварес пен Геннадий Головкин. Бұл – бокстағы үш маңызды есім, сон­дықтан жекпе-жек уақыт кестесін осы үш есімге негіздеп жасауы ке­рек. Сондықтан біз Прогрейс – Хукер, Эстрада – Гонсалес пен Хей­ни – Кэмпбелл және Андраде – Сон­дерс, Каллум Смит – Дэнни Джейкобс, «Канело» Аль­варес – Геннадий Головкин айқастарын өткізе алсақ, демек осы жылдың соңына дейін жақсы жекпе-жек ұйымдастырдық деген сөз. Мен кө­­рерменге әдет­те­гідей емес, жақ­сы айқастармен оралғым ке­ле­ді», – деді Хирн S.I. Boxing Podcast-ке берген сұхбатында.  

Анар ҚОНЫС