Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты
Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты
159
оқылды
Жұмыс сапарымен Мәскеуде жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды", - деп жазды ол. Еске сала кетейік, Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.