Айдос Үкібай Елбасының қазіргі жағдайы қалай екенін айтты
Айдос Үкібай Елбасының қазіргі жағдайы қалай екенін айтты
188
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның қазіргі жағдайы қалай екенін хабарлады. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Қазіргі уақытқа дейін БАҚ өкілдерінен Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауал келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезініп отырғанын және дәрігерлердің нұсқауын толық орындап отырғанын айтқым келеді», - деп жазды ол.
Сондай-ақ ол Елбасының Жеңіс парадын теледидар арқылы тамашалағанын айтты.
«Өкінішке қарай, Тұңғыш Президент Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Алайда, Елбасы Жеңіс парадын теледидардан тікелей эфирде көрді», - деп жазды Айдос Үкібай.