Қырғыз Президенті Мәскеуге келсе де, парадқа қатыса алмады
Қырғыз Президенті Мәскеуге келсе де, парадқа қатыса алмады
Мәскеудегі Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысуға басқа ел басшыларымен бірге Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков те келген. Бірақ, ол бүгін Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысқан жоқ. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеуге келе сала тест тапсырған Қырғыз Республикасы Президенті Аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы мен күзет қызметкерінің бірінен  коронавирус анықталған. Президент олармен ұшақта бірге болған
«Алгоритмге сәйкес, Президент Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатыспауға шешім қабылдады. Оның парадқа қатысуы шарадағы басқа адамдарға қатысты жауапсыз қадам болар еді», - деп жазды president.kg сайты.
Сонымен бірге хабарламада Қырғыз басшысы мен жанындағылар Бішкекке қайтып, оқшауланатыны айтылған.