Елордада – әдеби форум
Елордада – әдеби форум

Негізгі мақсат – Еуразия жазу­шыларының  шығармаларын насихаттау, халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланысты ны­ғай­тып, бірыңғай әдеби кеңіс­тік қалыптыстыру. 

Нұр-Сұлтан қаласының Мә­де­­ниет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нари­маш  Мұхабеталина биыл форум­ның ерекшелігін айтты.

– Форум аясында әлем әде­бие­тіндегі дәстүр мен жаңашыл­дық, авторлық құқық пен кітап биз­несі мәселелер аясында дөңге­лек үстел, шығармашылық кезде­су, көрме өткізілді. Осыған да­йын­дық барысында көп шаруа атқа­рылды, – деді ол. 

Оның айтуынша, форумға Испа­ния, Үндістан, Египет, Әзір­бай­жан, Біріккен Араб Әмірлік­тері, Ресей секілді жиырмадан астам мемлекеттің ақын-жазушы­лар арнайы келген. Атап айтсақ, халықа­ралық «Экиваленсиас» жур­налының бас редакторы, Испа­ния пен-клубының бас хат­шы­сы – Jorge Padron Justo Angel, ОАӘ Жазушылар одағының бас­шысы Nasser Ali Khamis Obaid Aldha­heri және тағы басқа таны­мал тұлғалар болды. 

Сондай-ақ жиын барысында Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім Тарази, Қа­зақстан Жазушылар Одағының төра­ғасы Ұлықбек Есдәулет, Пре­зи­дент кеңесшісі Мақсат Сқақов  сөз алып, ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Еуразияның әр бұрышынан жи­нал­­ған жазушыларды форум­ның ашылуымен құттықтады. 

– 21 жылдың ішінде астанамыз жаһандық шаралардың алтын оша­ғына айналып үлгерді. Мұх­тар Әуезовтің «Әдебиет – ардың ісі» деген сөзі бар. Әдебиет­тің өрі­сі барша азаматтардың бірге жа­саған ісінің нәтижесінде кеңе­йе­ді. Рухани жаңғыру аясында бұл міндетті бірге атқарамыз деп ойлаймыз. Бұл форумның көтер­ген жүгі маңызды, орны зор. Ау­қым­ды форумның елордада өтуі қаланың руханиятын жаңа дең­гей­ге көтереді, – деді қала әкімі.