Жеңіс парадында Тоқаевтың неге маска тақпағаны белгілі болды
Жеңіс парадында Тоқаевтың неге маска тақпағаны белгілі болды
5,129
оқылды
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Мәскеудегі Жеңіс парадында Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге маска тақпағанын түсіндірді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадқа қатысты. Ол парадқа шақырылған мемлекет басшылары мен ардагерлердің арасында отырды. Кейбір қазақстандықтар адамдар көп жиналған жерде Президенттің неге масқа тақпағанына таңқалды. Берік Уәлидің айтуынша, парадта мемлекет басшылары мен ардагерлер үшін жеке мінбер орнатылған. Сондай-ақ мұнда дезинфекция жұмыстары мұқият жүргізіліпті.
"Бұл жерге тек коронавирус инфекциясы теріс нәтиже көрсеткен адамдар ғана оның ішінде шетелдік делегация өкілдері кіргізілді. Барлығы коронавирусқа тексерілді. Сондықтан мұнда мәселе туындамауы тиіс. Сіздер Қырғызстан президенті бастаған делегацияда коронавирус анықталғанын білесіздер. Ал Сооронбай Жээнбеков науқаспен байланыс жасаған адам ретінде парадқа қатыса алмады", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша,  Мемлекет басшысы коронавирусқа тұрақты тест тапсырып тұрады.